Елімізде 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сала мамандары тұмаумен ауырғандардың басым бөлігі мегаполистердің тұрғындары екендігін айтады.
Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова қазірдің өзінде 2 миллионнан астам доза сатып алынғанын мәлімдеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биылғы тамыз айында тұмау жұқтырғандар саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайыз жоғары.
1 қазаннан екпе салуды бастаймыз. Екпе медицина қызметкерлеріне, созылмалы аурулары бар адамдарға, медициналық-әлеуметтік мекемелердегі адамдарға және қатар жүретін аурулары бар балаларға салынады. Орташа алғанда біз 2,5-2,7 миллион адамға екпе саламыз, бұл еліміздегі тұрғындардың 12-15 пайызы, – деді денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.