2025 жылы 1 қаңтардан бастап АӘК тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың медиандық кірісінен айқындалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин 2025 жылдан бастап енгізілетін АӘК тағайындаудың жаңа тәсілдері туралы айтты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп, Отбасының цифрлық картасының деректері бойынша тоқсан сайынғы медиандық кіріс мөлшеріне есептеулер жүргізді. Олардың нәтижелері бойынша кедейлік шегі медиандық кірістің 35% деңгейінде, бірақ қазіргі деңгейден төмен емес, яғни өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде айқындалған.Кедейлік шегін анықтауда медиандық кірісті енгізу АӘК мөлшерінің азаюына әкелмейтінін атап өткен жөні, – деді Анафин.