1 наурыздан бастап жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады

Бүгiн, 10:57
170
Бөлісу:
1 наурыздан бастап жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады
Фото: ҚазАвтоЖол

Қазақстанда көктемгі кезеңде республикалық маңызы бар автожолдарды сақтау мақсатында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, 1 наурыздан 1 сәуірге дейін жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық көліктерге «бесінші жол климаттық аймаққа» жататын келесі облыстарда жүруге тыйым салынады:

• Алматы облысы;

• Атырау облысы;

• Жамбыл облысы;

• Ұлытау облысы;

• Қызылорда облысы;

• Маңғыстау облысы;

• Жетісу облысы;

• Түркістан облысы.

Алайда халықаралық жүк және жолаушылар тасымалына, төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын көліктерге, гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түліктерді, дәрі-дәрмектерді, жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын көліктерге, жол-құрылыс жұмыстарына пайдаланылатын көліктерге бұл шектеулер қойылмайды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы