Елордада туристік ықшамаудан салынады

29 Қазан 2019, 17:57
2070
Бөлісу:
Елордада туристік ықшамаудан салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада көпфункционалды туристік ауданның құрылысын Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен "Ellington Properties Development LLC" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Джозеф Томас талқылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңында өтті, компания АХҚО-да тіркелген. Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте мемлекет басшысы жеке инвестицияларды тартудың маңыздылығын атап өтті.

Аумақта демалыс орталықтарын, жылдың кез келген маусымында жұмыс істейтін ойын – сауық орталықтарын, туризм нысандары мен қонақ үйлерді орналастыру жоспарлануда. 

Демек, қалада туристік орам пайда болады. Іске асыру мерзімі – 5-6 жыл. 

Компания нарықта 5 жыл жұмыс істейді және Дубай қаласында (БАӘ) жылжымайтын мүлік саласындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады, аталмыш жобаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибесі бар.


Өзгелердің жаңалығы