Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мекемелердің былтыр және биыл берген өтінімдері бойынша көптеген сұрақ бар. Мысалы, жалақы мәселесі, көмір мен газдың қымбаттауы. Бұл - уақыттың талабы. Тарифтерді бекітіп, жоғарылатылған тарифпен бекітіп отырмыз. 1 маусымнан бастап орта есеппен 24%-ға өседі, - деп жауап берді Жандос Нұрмағанбетов.
Айтуынша, станциялардың көтерілген тарифі кейінірек энергия жабдықтаушы мекемелердің жұмысына әсер етеді. Бірақ қай өңірде қанша теңгеге қымбаттайтыны кейінірек анықталады.