1 мамырда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

2 Сәуір 2024, 14:26
1541
Бөлісу:
1 мамырда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
Фото: pixabay.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 1 мамырдан бастап жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бағдарламаны "Отбасы банкі" қаржыландырады.

Қанат Шарлапаев бағдарлама іске қосылар алдында министрлік пен "Отбасы банк" қызметкерлері арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастыратынын айтады. Онда бағдарламаның талаптары мен шарттары түсіндіріледі.

Бүгінде бұл бағдарламаны іске асыру үшін "Отбасы банкі" 300 млрд теңге тартып жатыр. (Жаңа ипотекалық бағдарлама) халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған және оның мөлшерлемесі 7%-дан аспайды. 2024 жылғы 1 мамырда біз бағдарламаның толық шартын жариялап, іске қосамыз. Оны іске қосу үшін нарықтан қаржы тарту керек. Ол біраз уақытты талап етеді, - деді министр Үкімет отырысынан соң өткен брифингте.  

Өзгелердің жаңалығы