«Қазгидромет» ел аумағында 1 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасадың деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің дерегіне қарағанда, бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады.
Жауын-шашын түсіп, қар жаууы мүмкін, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жаңбыр мен қар күтіледі. Ел аумағында тұман, бұқасын болады, жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады, деп жазылған ведомство дерегінде.