1 ақпаннан бастап 2006 жылғы банкноттар қабылданбайды

21 Қаңтар 2021, 16:42
2472
Бөлісу:
1 ақпаннан бастап 2006 жылғы банкноттар қабылданбайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Ұлттық банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚҰБ Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімін ұзартуға қатысты түсініктеме берді.

Ұлттық банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталып қалғанын еске салады. 

Жеке тұлғалар үшін банкноттар тек Ұлттық банктің филиалдарында айырбасталады. Филиалдардың мекенжайы мен байланыс құралдары сайтта орналасқан.

21 қаңтардағы жағдай бойынша банкноттарды ауыстыруға ең көп сұраныс білдіргендер Алматыда (23,6%), Нұр-Сұлтанда (9,2%) Шымкент қаласы мен Түркістан облысында (8,5%) тіркелді. Бұл ретте айырбастауға қабылданған барлық банкноттың 42,4%-ы 10 000 теңгелік номиналға тиесілі. Одан кейін номиналы 2 000 теңгелік (30,6%) және 5 000 теңгелік (27,0%) банкноттар болды. Банкноттарды қабылдау мерзімін ұзарту туралы шешім тұрғындардың өтінішіне байланысты қабылданды. Кейбір азамат, негізінен, зейнет жасындағы адамдар, белгілі бір себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген, - делінген хабарламада.
1 ақпаннан бастап 2006 жылғы банкноттар қабылданбайды

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Ұлттық банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады. 

Осыған байланысты азаматтардан 2021 жылдың 1 ақпанына дейін көрсетілген банкноттарды ұлттық валютаның жарамды ақшаларына айырбастап алу үшін жақын жердегі филиалға хабарласуды сұраймыз. Егер сізде қосымша сұрақтар туындап жатса, Ұлттық банктің 1477 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласып, жауап алуға болады, - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы