Синоптиктер ел өңірлерінде 16 қазанға арналған ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Болжамдарға сүйенсек, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді, түнде ҚР оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, түнде Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, түнде шығыста, оңтүстікте, елдің орталығында қар күтіледі.
Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Елде жел күшеюі күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады. ҚР орталығында қарлы боран, шығысында, оңтүстігінде, орталығында, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда көктайғақ болжанады.
Түнде Қызылорда, Түркістан облыстарында 1-6 градус үсік күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады, Атырау облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.