1 004 бала коронавирустан емделіп жатыр

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 10.12.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады.</h4>

 10 Желтоқсан 2020 2020, 09:01
10 Желтоқсан 2020 2020, 09:01
1790

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 10.12.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 832 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 004 бала бар. Стационарларда 3 762 науқас жатыр. 10 070 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 230 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 41 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 44 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.



Наверх