001, 111, 007: Биылғы ең қымбат автокөлік нөмірінің бағасы қанша?

Бүгiн, 10:31
1049
Бөлісу:
001, 111, 007: Биылғы ең қымбат автокөлік нөмірінің бағасы қанша?
Фото: BAQ.KZ

Бүгінгі таңда VIP желісіндегі ең танымал нөмірлер – 001, 010, 111, 007, 077, 707, 777, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, сұраныстағы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілердің ең төменгі бағасы 57 АЕК-тен яғни, 224 мың теңгеден басталады. 

ҚР Салық кодексінің 615-бабына сәйкес, жоғары сұранысқа ие МТНБ бергені үшін санаттарға сәйкес 57-ден 285 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік баж төленеді, - делінген ІІМ-нің BAQ.KZ редакциясына берген ресми жауабында. 

Белгілі болғандай, автокөліктің мынадай сандық белгілері: 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 ең қымбат комбинация санатына жатады. 

Осындай "ерекше" нөмерлердің бағасы биыл – 1,1 млн теңге

Айта кетерлігі, былтыр жалпы сомасы 15 млрд теңгеден асатын жоғары сұранысқа ие 44 273 автокөлік нөмері берілген.

Өзгелердің жаңалығы