"Әзірет Сұлтан" мешіті 225 отбасыға азық-түлік таратты

29 Сәуір 2020, 00:20
1754
Бөлісу:
"Әзірет Сұлтан" мешіті 225 отбасыға азық-түлік таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. 

Елордамыздағы тұрмысы төмен 225 отбасыға қуаныш сыйлаған игі шараға ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірді. 

Рамазан – қайырымдылық айы екенін айтқан бас мүфти бүгінгі шараға оң бағасын беріп, жалғасты болуын тіледі.

Сондай-ақ "Әзірет Сұлтан" мешітіндегі қайырымдылық шараларына үнемі қолдау көрсетіп, демеушілік жасап келе жатқан "Gentlemen`s club" белсенділер тобының мүшелері және әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов пен "Синергия" университетінің президенті Бауыржан Қасымбергебаев та қайырымдылық шарасына қатысып, қасиетті айдағы сауапты іске өз үлестерін қосты.

Айта кетейік, азық-түлік қоры салынған қайырымдылық пакеттерін тізімдегі жандардың тұрғылықты мекенжайына жеткізіп беру жұмыстарын өкілдік қызметкерлері мен бас мешіт жанынан құрылған "Sharapat" еріктілер орталығының мүшелері ұйымдастырып келеді. 

Өзгелердің жаңалығы