Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласындағы жарылыс кезінде көз жасына ерік берген әскери қызметкердің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын. Қорғаныс вице-министрі Тимур Дандыбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде осы жазбаға қатысты пікір білдірді.
Арыстағы жарылыс кезінде «Егер өліп қалсам... ата-анама сендерді жақсы көремін дегім келеді» деп көз жасына ерік берген әскери қызметкердің видео жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыған түскен болатын.
«Әскери қызметтің спецификалық өз ерекшелігі бар. Екі жақты қарым-қатынас кезінде маңызды психологиялық эмоционалдық жүктемелер қиындық тудырады. Бізге әріптестеріміздің, әсіресе командирлердің әрекеттерін талқылауға болмайды», - деді Дандыбаев.
Ол сондай-ақ бейнероликке қатысты ешқандай баға бере алмайтынын айтты.
«Бұл сарбаз өзінің әріптестері туралы теріс пікір айтқан уақытында жарылыстың зардаптарын жеңілдету бойынша міндетін мүлтіксіз орындаған болатын. Ол жағын да ұмытпау керек. Әріқарай өздеріңіз бағасын берерсіздер. Оның қаhарман немесе қорқақ па екенін білмеймін. Маған біреудің өмірін талқылау жат», - дейді вице-министр.
Айта кетейік, 27 жастағы лейтенат Исатай Әлібаев жарылыс кезінде түсірген бірнеше видеосы, әлеуметтік желіде тез тараған болатын.