Алматылықтар ертең ТЖД қызметкерлеріне қатысты сұрақтар қоя алады

12 Маусым 2019, 12:21
1497
Бөлісу:
Алматылықтар ертең ТЖД қызметкерлеріне қатысты сұрақтар қоя алады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен барлық мүдделі тұлғаларды диалогқа шақырады.

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының төтенше жағдайларға ықпал ету қызметінің жеделдігі, қол жетімділігі және ашықтығы принциптерін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 13 маусымда сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін интернет-конференция өткізеді.       

Конференция тақырыбы өз құзыреті шегінде ТЖД қызметінің жалпы бағыттарын соның ішінде, Алматы қаласының ТЖД сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған шараларды қамтиды.

Сұрақтарыңыз бен өтініштеріңізді Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің веб-сайтына мына сілтеме бойынша жібере аласыз. Конференция «сұрақ-жауап» режимінде қашықтықтан өткізіледі.

«Қойылған сұрақтарыңызға жауап алуды жеделдету үшін сұрақтың мәнін анық және қысқаша беруіңізді сұраймыз. Барлық сұрақтар мен өтініштерге жауаптар бір күннің ішінде  Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің интернет-ресурсында орналастырылатын болады», - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы