Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президент күні қарсаңында Израильде ҚР елшілігінің ұжымы "Президент Нұрсұлтан Назарбаев" атындағы саябаққа ағаш отырғызды.
Орман ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2000 жылғы сәуір айындағы Израильге ресми сапары кезінде ТМД Еврей қауымдарының федерациясымен Бейт-Шемеш қаласының маңында құрылды. Ол Израиль халқының Елбасының екі мемлекет арасындағы байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін мойындауын білдіреді.
Израильде достас елдер басшыларының құрметіне аталған алты жасыл алқап бар. Нұрсұлтан Назарбаев атындағы тоғай Израиль президенті Хаим Вайцманның құрметіне отырызылған орманда орналасқан.
Еврей ұлттық қоры департаментінің менеджері, Алматының тумасы, Николай Петриченко Қазақстан президенті елдің орталығында орналасқан осы ормандағы тоғайға аты берілеген шет мемлекеттің жалғыз басшысы болып табылатынына назар аударды.
Петриченко Тәуелсіз Қазақстанның күллі тарихында тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтаудағы Елбасының шешуші рөлін атап өтті.
Қазақстан елшісі Сатыбалды Бұршақов Еврей ұлттық қорының өкіліне Елбасының "Қазақстан жолы" атты кітабын табыс етті.
Нұрсұлтан Назарбаев тоғайында мүйіз ағашы, қарағай, жаңғақ, емен және басқа да ағаштар өседі. Демалушылар арасында танымал орман орналасқан бұл алқап 50-жылдардың ортасына дейін шөл дала болған және ондағы әрбір ағаш қолдан отырғызылғанын атап өткен жөн.