Тесттен өткізіп жібермек болып, пара алған алаяқ сотталды

9 Желтоқсан 2019, 14:34
7417
Бөлісу:
Тесттен өткізіп жібермек болып, пара алған алаяқ сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы жемқорлықпен айналысқаны үшін айыпталды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұдан бұрын жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталған Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы Ж. Д. Базароваға қатысты тергеуді аяқтады.

Ол орта мектептің білім жөніндегі меңгерушісіне мектеп директоры лауазымына тағайындалу үшін тест тапсыруға жәрдем бергені үшін одан алдап 400 мың теңге көлемінде қаражатын иемденіп, сенімін теріс пайдаланғаны үшін күдікті деп танылған, - делінген Агенттіктің хабарламасында.

Биыл 6 желтоқсанда Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен Ж. Д. Базарова алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан айырылып, Базароваға 3 млн теңге айыппұл салынды.

Өзгелердің жаңалығы