Құрылысқа салынған инвестиция рекордтық көрсеткішке дейін төмендеген

22 Қыркүйек 2020, 21:28
1093
Бөлісу:
Құрылысқа салынған инвестиция рекордтық көрсеткішке дейін төмендеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрылыс саласына салынған инвестиция мөлшері соңғы сегіз рекордтық көрсеткішке дейін төмендеген. Бұл туралы finprom.kz жазды.

Келтірілген мәліметтеге сүйенсек, қаңтар-тамыз аралығында құрылыс саласына салынған инвестция көлемі 38,5 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 45,9 пайызға төмен. Мұндай көрсеткіш алғаш рет тіркеліп отыр. 

Инвестиция мөлшері 17 өңірдің 13-інде құлдырау динамикасын көрсетіп отыр. Инвестиция мөлшерінің ең азы Атырау облысына тиесілі. Мұнда инвестиция көлемі 7 млрд теңгеге азайды. Ең көп көп инвестиция Алматы қаласының құрылысына салынған. Оның көрсеткіші 7,7 млрд теңгені құрап отыр. 

Құрылыс саласын инвестициялаудың негізгі көзі жеке бизнестің қаржысы екенін атап өткен жөн.
Өзгелердің жаңалығы