Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Үркер" сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімінде «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Шәмшидин Паттеев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың журналистер мәртебесіне және "Үркер" сыйлығына баланысты пікір білдірді.
"28 маусым бастапқы кезде де БАҚ өкілдері мерекесі болып белгіленген болатын. Одан кейін ауыстырып, қайтадан орнына келді. Мен мұны дұрыс деп есептеймін. "Үркер" сыйлығы ең алдымен талантты дарынды жастарға берілуі керек деп ойлаймын. Комиссия мүшелері барынша әділ болғаны дұрыс. Кез келген әділетсіз шешімнен кейін кімнің қандай журналист екенін уақытында өз орнына қояды. Қазақтың мықты жас дарынды қаламгерлері жеңіске жетеді деген үміт бар",- деп айтты «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры.
Оның сөзінше биылғы "Үркер" сыйлығына "Қазақ газеттері" атынан "Мысль" мен "Үркер" журналының журналистері қатысып жатыр.