Құрбан айт күндері Алматыда карантиндік шаралар сақталады

28 Шілде 2020, 04:22
1421
Бөлісу:
Құрбан айт күндері Алматыда карантиндік шаралар сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының аумағында Құрбан айт мерекесі күндері коронавирустық инфекцияның таралуына ықпал ететін іс-шараларға тыйым салынады. Осыған байланысты қаланың бас санитар дәрігері Жандарбк Бекшиннің қаулысы шықты.

Онда Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары, Алматы қаласының Полиция департаменті, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы, Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамына Құрбан айт мерекесін тойлау кезеңінде 2020 жылғы 31 шілдеден 2 тамыз аралығында тыйым салынған әрекеттер тізімін бекітіп берген. Олар:

1) меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жекеменшік үй иеліктерінде және медреседе адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге;

2) Алматы қаласының аумағында мал союды ұйымдастыруға және өткізуге, автокөліктерде және жеке үй иеліктерінде мал сатуға;

3) 31 шілдеден 2 тамыз аралығында Алматы қаласының орталық мешітімен белгілеген онлайн режимінде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою цехтары мен мал сату базарының жұмысын тоқтату;

4) БАҚ арқылы онлайн режимде құрбандық шалуды ұйымдастыру туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Сондай-ақ, 27 шілдеден 2 тамыз аралығында Алматы қаласының Полиция департаментіне, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына.

Алматы қаласының кіре берістерінде, құрбандық шалуды онлайн режимінде жүзеге асыруға арналғандарды қоспағанда, қала аумағына жануарларды алып келуді болдырмау және алдын алу бойынша бекеттерді ұйымдастыру;

27 шілдеден 2 тамыз аралығында  ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына қала аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды күшейту тапсырылды. 

Алматы қаласының әкімдігіне, Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттарына, Алматы қаласының Полиция департаментіне, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасына, Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамына Құрбан айт мерекесін тойлау кезеңінде 2020 жылдың 31 шілдесінен 2 тамыз аралығында:
1. Құрбандық шалуға онлайн режимінде Qurban2020.kz сайтына өтінім беру арқылы рұқсат беру; 2. "Құрбан айт" мерекесін ұйымдастыру мәселелерін халыққа түсіндіру үшін Call-орталықтың жұмысын ұйымдастыру; 3. Тартылған адамдарды жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ете отырып, мұқтаж адамдарға тез бұзылатын өнімдерді (құрбан болған жануарлардың еті) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету; 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласының Полиция департаментіне, аудандық әкімдіктерге және ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына жүктелсін, - делінген қаулыда.

Өзгелердің жаңалығы