ҚР Тұңғыш Президенті саябағында 100 түп бөртегүл егілді

19 Наурыз 2019, 16:51
2512
Бөлісу:
 ҚР Тұңғыш Президенті саябағында 100 түп бөртегүл егілді

Алматы, BAQ.KZ. Қаланы көгалдандыру мақсатында бүгін Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының қолдауымен Жас натуралистер станциясының белсенділері ҚР Тұңғыш Президенті саябағы аумағына 100 түп бөртегүл отырғызды.

Жасыл экономика басқармасының мәліметінше, Жас натуралистер станциясының белсенділері бірнеше жыл қатарынан қала тұрғындарына арнап бөртегүл көшеттерін өсіріп келеді. 

«Отырғызылған бөртегүл көшеттері танымал селекционер-ғалымдар Дзевицкийлердің коллекциясынан алынған. Олар өмірінің 50 жылдан астам уақытын осы бөртегүлдің жаңа сұрпын өсіріп шығаруға арнаған. 70-80 жылдары олар Алматыны көгалдандыруға өз селекцияларынан 6000-нан астам бөртегүл көшетін және 2500 бұтағын берген. Сол жылдары бүкіл қала бойынша осы гүлдер егілген. Соның арқасында, Алматыны көктемде гүлдердің жұпар иісі басады»,- делінген хабарламада.

Бүгін егілген гүлдердің көшеттері келер жылғы көктемде гүлдеп, хош иіс сыйлайтын болады. Сондай-ақ, алдағы уақытта қалада 12 000 ағаш көшетін отырғызу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы