Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Биылғы 7 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласында өтетін "Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері" атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.