Браконьерлерді ұстау кезінде қаза тапқан инспектордың отбасына орден табысталды

31 Қазан 2019, 19:33
2080
Бөлісу:
Браконьерлерді ұстау кезінде қаза тапқан инспектордың отбасына орден табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Браконьерлерді ұстау кезінде қаза тапқан инспектордың отбасына президент тапсырмасымен орден табысталды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев браконьерлерді ұстау барысында мерт болған Қызылордалық иниспектор Әділ Кенжеғұловтың отбасына арнайы барып, көңіл айтты. 

Үш жыл бойы ашылмай келген қылмысты ашып, қылмыскерлерді ұстау барысында қаза болған қаhарманның әкесіне президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен ІІІ дәрежелі "Айбын" орденін тапсырды.

Әділ Кенжеғұлов биыл 25 қазанда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында браконьерлерді қуып келе жатқанда қызметтік көлік аударылып қаза тапқан болатын.  

Мемлекет пен халықтың қазынасы табиғат байлығын көзінің қарашығындай қорғаған батырды халқымыз ешқашан ұмытпайды. Бұл құрмет тұтас халықтың батыр азаматы алдындағы парызы.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділ Кенжеғұловты ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградтау туралы құжатқа қол қойған болатын.

WhatsApp Image 2019-10-31 at 19.12.21.jpeg

Өзгелердің жаңалығы