Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қостанай-Су" МКК әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қостанай қаласы тұрғынның өтініші негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша, Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті "Қостанай-Су" МКК-ның іс-әрекеттерінде суық сумен жабдықтау қызметін көрсету үшін есептеген кезде төлемақының мөлшерін қате қолдану бөлігінде бұзушылық анықтады, яғни тұтынушыда ыстық сумен жабдықтаудың болмауын есепке алмауы, бұл сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін есептеу мөлшерінің артуына әкеп соқты. Осыған байланысты, табиғи монополия субъектісіне қатысты "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, - делінген хабарламада.Алайда, жоғарыда көрсетілген тұлғаның өтініші келіп түсуіне байланысты әкімшілік іс Қостанай қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотына қарауға берілді.
Істі сотта қарау нәтижесі бойынша "Қостанай -Су" МКК 2 969 120 теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі уақытта сот қаулысы заңды күшіне енбеген, табиғи монополия субъектісі сот қаулысына шағымдануға құқылы.