«Ұлы дала тарихы» Еуропаның ең үздік кітабы атанды

22 Қыркүйек 2019, 15:48
2425
Бөлісу:
«Ұлы дала тарихы» Еуропаның ең үздік кітабы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ұлы дала тарихы» кітабы Еуропаның ең үздік туындысы болып танылды. Бұл туралы 24kz арнасы хабарлады. 

Прагада өткен баспа үйлері арасындағы халықаралық байқаудың қорытындысы осындай. Сайысқа 100-ден астам баспа үйі қатысты. Үздік шығармалар қолданылған материал, туындының ішкі мазмұны бойынша іріктелді. Ал Германияда басылған «Ұлы даланың тарихы» еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» шығармасының негізінде жазылған. Кітапты безендірумен белгілі баспагер Берік Барысбеков айналысқан. Айта кетейік, «Карткутюр» – баспа саласы бойынша Еуропадағы ең беделді байқаудың бірі. 

"Бұл кітапты Тұңғыш президент қорының тапсырысы бойынша құрастырдық. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» шығармасы негізінде жазылған. Әлгі туындыға биыл 20 жыл толады. Ал мына кітабымызда біз ұлы дала тарихын біршама толық бере алдық деп ойлаймын. Онда Қазақстан тарихы ғана емес, сонымен бірге ұлы далада қандай халықтар мен ұлы мәдениеттер болғаны туралы да әңгімеленеді", - баспагер деді Берік Барысбеков.

"Біз ең үздік кітап санаты бойынша сыйлықты жеңіп алғанымызға қуаныштымын. Қазақстанмен 6 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. ЭКСПО көрмесіне барып, Қазақстанды көріп қайттым. Өте ұнады. Сондықтан бұл кітап сіздің елді танып білуге көмектеседі деп ойлаймын", - деді баспагер Томас Уэлинг (Германия).

Өзгелердің жаңалығы