Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада OPEN MIND қайырымдылық жобасы аяқталды. Оның қорытындысы бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 3 бала жазғы каникулда Лондонға барады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Үш ай бойы елорданың «Алматы» ауданында аз қамтылған отбасылардан шыққан 500 бала қазіргі заманғы бағдарламалар бойынша ақысыз ағылшын тілін тегін оқыды. Арнайы сынақтан өткен және сұхбаттасудан өткен үш үздік Англияға демалысқа шығады.
Бұдан басқа, сынақтарды сәтті тапсырып, презентация дайындаған үш дарынды мұғалім британдық баспалардың біріндегі Афины филиалында біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.
Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мен алматылықпын» атты қоғамдық қозғалысы, Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтті. Жобаның ресми жабылуында, жобаның жеңімпаздарына Ұлыбританияға жолдама берілді.
Барлық қатысушы сертификаттар мен алғыс хаттар алды.