Ресейде коронавирус карантинінде отырған 3 азамат өз еркімен шыққысы келген

14 Ақпан 2020, 18:26
1560
Бөлісу:
Ресейде коронавирус карантинінде отырған 3 азамат өз еркімен шыққысы келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдан келген Петербург тұрғыны коронавирусқа байланысты карантин қойылған инфекциялық ауруханадан өз еркімен кеткеннен кейін тағы үш азамат кеткісі келген.

Дәрігерлер екеуін қалуға көндірген. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау комитетінің өкілі хабарлады. 

Бұған дейін жергілікті тұрғын Алла Ильина Боткин атындағы клиникалық инфекциялық ауруханадан өз еркімен шығып кеткен. Ол Қытайдан келгеннен кейін екі апта бойы карантинде қалмаған. Дегенмен Петербургтің бас санитары Наталия Бешкетова Ильинаның дәрігерлердің қарауында болғанын талап етіп, сотқа жүгінген. 

Дүйсенбі күні сот отырысы болады. Тағы үш азамат Боткин атындағы ауруханадан шыққысы келген. Бірақ екеуін қалуға көндірген, - деді денсаулық комитетінің өкілі.

Өзгелердің жаңалығы