Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайтыс болған канадалықтар саны 57 адам. Осыған дейін 63 адам деген ақпарат таратылған болатын.
Қанаданың сыртқы істер министрі Франсуа-Филипп Шампаньнның хабарлауынша украиналық Boeing 737-800 апатынан 57 Канада азаматы қайтыс болған, деп жазды жергілікті БАҚ өкілдері.Соңғы ақпараттарға сүйене отырып, біз ұшақ апатынан қайтыс болған канадалықтардың саны 63 емес, 57 болғанын анықтадық , - деді Шампань.
Бұл мәлімет бортта болған жолаушылар тізіміне сәйкес зерттеліп жасалған.