ҰҚК Ақтау әуежайында үш адамды ұстады

24 Ақпан 2020, 21:43
1365
Бөлісу:
ҰҚК Ақтау әуежайында үш адамды ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау халықаралық әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ираннан "героин" есірткі затының контрабандасын ұйымдастыру фактісі бойынша Қазақстанның үш азаматын ұстады.  

Олар есірткіні асқазандарында тасымалдаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ұсталғандардың ішкі құрылысынан 302 героин капсуласы табылып, алынды. Құны
50 миллион теңге болатын олардың жалпы салмағы шамамен 1 кг (5 000 біржолғы мөлшерлемеге бара-бар) құрады, - делінген хабарламада.
Без имени-1.jpg

Осы факт бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі, 286-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы мен 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы