Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл бағытта екі шараны жүзеге асыру жоспарлануда, деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бүгін Үкімет отырысы барысында.
Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға баса назар аударылатын болады. Өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру әлеуетін ескере отырып, өсу нүктелері қалыптастырылады. Шекара маңындағы аумақтарда отандық тауарларды ілгерілету үшін ынтымақтастық кеңейтіледі. Барлығы 2 шараны жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, Азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алу және емдеу үшін пайдалануға мүмкіндік беріледі. Жалға берілетін тұрғын үйді дамыту, әлеуметтік жағынан осал халықты жалға берілетін баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені қабылданатын болады. Әлеуметтік және демографиялық саясатты жетілдіру жалғасады. Барлығы 10 іс-шара жүзеге асырылады, - деді министр.
Руслан Дәленов баяндамасы барысында білім-ғылым, медицина бағыттарына да тоқталды.
Толыққанды оқу процесін қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай онлайн білім беру платформасы әзірленетін болады. Білім беру жүйесіне білікті кадрлар тартылады, педагог мәртебесі артады. Кәсіби білім беру еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға қайта бағдарланбақ. Елдің ғылыми әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылатын болады. Бұл салалар бойынша 16 іс-шараны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, медициналық инфрақұрылымды жаңғыртуға және материалдық-техникалық жарақтандырумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады. Ауылдық жерлерге қызмет көрсету үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек пен көліктік медицинаны белсенді дамыту жоспарлануда. Медициналық препараттардың отандық өндірісін дамыту жөнінде шаралар қабылданады. Осылайша, 10 іс-шараны іске асырамыз, - деді ол.