Өңірлерде 431 мың жұмыс орны ашылады – Нұрымбетов

18 Тамыз 2020, 09:17
2661
Бөлісу:
Өңірлерде 431 мың жұмыс орны ашылады – Нұрымбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің онлайн отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. 

Жыл басында әкімдермен жасалған меморандумдар бойынша өңірлерде биыл 431 мың жаңа жұмыс орны құрылуы тиіс. Бұл "Еңбек" және "Жұмыспен қамту жол картасын" есептемегенде. Ресми ведомстволық статистика бойынша, 7 айда 300 мың 207 жұмыс орны құрылған. Оның ішінде 149 мыңы тұрақты жұмыс орындары және 135 мыңы ауылдарда ашылды. СҚО, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында тұрақты жұмыс орындарының үлесі 70 пайыздан асты, - деді министр. 
Нұрымбетов атап өткендей, соңғы айларда халықтың "Электронды еңбек биржасына" қатысу үлесі артып отыр. 
Жыл басымен салыстырғанда жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындар саны 8,5 есеге өсті. Ал жұмыс іздеп, түйіндемелерін жариялаған  адамдар саны 8 есеге өскен. Нәтижесінде, 7 айда 333 мың адам "электронды еңбек биржасы" арқылы жұмыс тапты. Оның 57 пайызы тұрақты жұмыс орнына орналасты, - деді ол. 

Министр айтып өткендей, "Жұмыспен қамту орталықтарына" да азаматтардың жүгінуі артқан. 

Орта есеппен алғанда айына 60 мың адам жүгінеді. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін ресми жұмыс ретінде тіркелгендер саны жыл басынан бері 8 есеге артты. Жұмысқа орналасу көрсеткіші 11 есеге артып отыр. Ресми жұмыссыз 50 мың 200 адам жұмыссыз ретінде арнайы төлем алуда. Оларға 7 айда 5,5 млрд теңге төленді, - деді Біржан Нұрымбетов.

Өзгелердің жаңалығы