Өңірде коронавирусқа қатысты жағдай күрделі – БҚО әкімі

9 Шілде 2020, 11:11
1177
Бөлісу:
Өңірде коронавирусқа қатысты жағдай күрделі – БҚО әкімі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде коронавирусқа қатысты жағдай күрделі. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында мәлімдеді. 

Індетке қарсы барлық шаралар қолға алынып жатқанына қарамастан, облыстағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз болып отыр. Өңірде коронавирусқа қатысты жағдай күрделі күйінде қалып отыр.Бүгінгі таңда 940 адам ем алуда, оның ішінде 473 адамның жағдайы орташа болса, 73 адамның жағдайы ауыр. Ауруға шалдыққан адамдар облыс орталығы мен барлық ауданда анықталды, - деді ол. 

Есқалиев ең көп көрсеткіш Орал қаласында тіркелгенін айтты. 

Оралда 2100 адам, яғни 61 пайызды құрап отыр. Бөрлі ауданында 223 адам, Бәйтеректе 208 адам, Ақжайықта 141 адам ауруға шалдыққан. Дәрігерлер күні-түні науқастардың өмірі үшін күресіп жатыр , - деді ол. 

Облыс әкімі инфекциялық және провизорлық стационарлардағы орын мәселесіне тоқтады. 

1 сәуірдегі жағдай бойынша бізде 380 орын болған. Індет көбейген соң, оны 3 есеге арттырып, 1125 кереует орынға жеткіздік. Кейбір стационарларда орын тапшылығы сезіліп отыр, сондықтан да қосымша 2030 кереует орынды ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы