Алматы, BAQ.KZ. Қытай 1 қаңтардан бастап 850-ге жуық импорт тауарына баж салығын төмендетеді. Бұл туралы ҚХР мемлекеттік кеңес жанындағы тарифтер және салықтар жөніндегі комитеті хабарлады.
Мұндай шара қытайлық тұтынушылардың шетелдік өнімге деген жоғары сұранысын қанағаттандыру үшін жасалған.
Қытай Қаржы министрлігінің сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, баж салығы әсіресе азық-түлік, тау-кен саласының өнімдері, химия өнеркәсібі мен мұнайгаз өнімдері үшін төмендетіледі.
Сонымен қатар, бұл тізімде киім-кешек, кілемдер, оптикалық құралдар мен трактордың кейбір түрлері бар. Ал 1 шілдеден бастап телекоммуникациялық құрылғылар мен кеңсе жабдықтарының тарифтері де төмендетіледі.