«Ұлы дала ізімен» фильмдер апталығы Созақ ауданында жалғасуда

23 Сәуір 2019, 19:32
2469
Бөлісу:
«Ұлы дала ізімен» фильмдер апталығы Созақ ауданында жалғасуда
PHOTO

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Созақ ауданында 200-ге жуық көрермен «Ордабасы – бірліктің туы» және «Оқсыз оқиғасы» анимациялық фильмдерін тамашалады.

Аталған картиналар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде, облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, «Ұлы дала ізімен» жобасы аясында түсірілген болатын. Осыған орай, Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Оңтүстікфильм» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен фильмдер апталығы басталды.

«Ұлы дала ізімен» фильмдер апталығы Созақ ауданында жалғасуда

Апталықтың мақсаты – Түркістан өңірінде түсірілген анимациялық фильмдерді көрсету арқылы өскелең ұрпаққа Елбасы мақалаларында атап өткендей жан-жақты, әрі сапалы тәрбиені тек кітаппен ғана емес, мықты тұлғаларымыз бен киелі жерлеріміз жайлы ақпар беріп тәрбиелеу, тарихымызды жаттату, ұлттық кодты қалыптастыру.

«Ұлы дала ізімен» фильмдер апталығы Созақ ауданында жалғасуда

«Ордабасы – бірлік туы» анимациялық фильмі 2018 жылы Ордабасы тауындағы үш ел Президенттерінің тарихи кездесуіне және «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығын» құру туралы Елбасы Жарлығының шыққанына 25 жыл толуына арнап түсірілген. Бұл фильмде ел қорғаған баhадүрлеріміздің ерліктерін суреттей отырып, елдің бірлігін көрсету арқылы Асылжан есімді балақайдың елін, жерін қорғауға деген ұмтылысын жас ұрпақ санасына сіңіру көзделген. Оқиға желісінде қазақтың Төле, Қазыбек, Әйтеке билері бастап, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай секілді батырлары қоштап, бүкіл ел бірігіп, шешуші айқаста ата жауын жеңіп шығады.

Ал «Оқсыз оқиғасы» фильмінде әлемге «Екінші Ұстаз» ретінде белгілі болған Фараби ғұламаның алғаш дүниеге келгені, оның бала кезден білімге құштарлығы, жаңашылдыққа деген ұмтылысы сипатталады. Есейіп, жігіт болған кезінде жас Әбу Насырдың жинаған білімі өз елінің, өз шаһарының игілігіне жарап, көп жетістіктерге жетелейді. Сонымен қатар, жас Фараби адалдық пен табандылықтың арқасында сарай маңының астыртын жауларын құрықтап, олардың теріс әрекеттеріне тосқауыл болады. Тарихи деректер бойынша Әбу Насыр әл-Фараби Түркістан өлкесіндегі көне Оқсыз қаласында дүниеге келген», - деді «Оңтүстікфильм» КММ директоры, режиссер Б.Дәуренбеков.

«Ұлы дала ізімен» фильмдер апталығы Созақ ауданында жалғасуда

Айта кетейік, апталық облысымызға қарасты барлық аудан-қалаларында өтетін болады. Ертеңгі кезекті фильмдер шеруі Бәйдібек ауданында жалғасады.

«Ұлы дала ізімен» фильмдер апталығы Созақ ауданында жалғасуда

Өзгелердің жаңалығы