Елордада кеңседен сейф ұрлады деген күдікпен екі азамат ұсталды

9 Шілде 2019, 15:50
1680
Бөлісу:
Елордада кеңседен сейф ұрлады деген күдікпен екі азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаладағы бір фирманың жетекшісі полицияға арызданды. Кәсіпкердің хабарлауынша, түнде офиске белгісіз адамдар келіп екі сейфті көтеріп алып кеткен. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Сейфте 500 мың теңге ақша және компанияның құнды мүліктері болған. Атап айтқанда, қымбат ұялы телефондар, жалпы сомасы 40-тан астам телефон бөлшектері ұрланған. Фирмаға 11 млн теңгеге зиян келтірілді.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің ізіне түсті. Көбінесе қылмысты ашуда көшелерінде орнатылған бейнебақылау камералары және қалалық оперативті қызметкерлердің келісілген іс-әрекеттері арқылы мүмкін болды.

«Тергеп-тексеру барысында күдіктілердің бірі фирма жетекшісінің орынбасары қызметін атқарғаны белгілі болды. 27 жастағы жігіт бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 36 жастағы танысын ұрлық жасауға көндірген. Офиске кіруге мүмкіндік барын пайдаланып, әрі сейфте қомақты қаражаттың бар екендігін біліп, қылмыстық әрекетін жүзеге асырған. Қылмысын алдын ала жоспарлаған олар ұрлаған екі сейфті автокөлікке тиеп, қала сыртына шығарған», - деді полицейлер.

Полицейлердің айтуынша, сейфтің ішінде 500 мың теңге ғана болды. Қылмыс жасалған күннен бір күн бұрын фирманың директоры сейфтерден 11 млн теңге алып қойған. Сондықтан қаскөйлер көп ақшаны қолды қыла алмады.

«Қазіргі уақытта қолға түскен екеу Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы