Ақтөбе облысында барымташылар құрықталды

23 Сәуір 2019, 12:36
2111
Бөлісу:
Ақтөбе облысында барымташылар құрықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері мал ұрлығын жасаған Ақтөбе облысының тұрғындарын ұстады, деп хабарлады Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Полиция департаментінің қызметкерлері Ойыл ауданындағы малды еркін жайылымнан ұрлау дерегін ашу мақсатындағы жедел-іздестіру шаралары барысында облыстың 9 тұрғынын ұстады", - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Сонымен бірге, күдіктілердің Қобда және Алға аудандарындағы мал ұрлау деректеріне қатысы бар екені анықталды. 

Құрықталған азаматтар ұзақ уақыт бойы қараусыз еркін жайылымда жүрген малдарды ұрлаумен айналысқан. 

"Қылмыскерлер малды босап қалған қораларға кіргізіп, ол жерде ірілерін таңдап, сойып, кейіннен алдын ала дайындалған көлік құралына тиеп, әрі қарай Ақтөбе қаласының жеке сатып алушыларына апарып сатқан. Көлік жүргізушілерінің бірі - әйел адам екені анықталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде 5 мал ұрлау дерегі анықталды, тоғыз адам ұсталып, олардың біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде. 


Өзгелердің жаңалығы