"ҚазМұнайГаздың" 13 қызметкері коронавирус жұқтырды деген күдікке алынды

17 Наурыз 2020, 17:03
11559
Бөлісу:
"ҚазМұнайГаздың" 13 қызметкері коронавирус жұқтырды деген күдікке алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ  13 қызметкері Қазақстан мен Румынияда коронавирусқа байланысты күдікпен карантинде жатыр.  Бұл туралы 17 наурызда өткен брифингте аталған компанияның еңбек және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директоры Қайрат Сақтағанов мәлімдеді.

"ҚазМұнайГаз" компаниялар тобының қызметкерлерінің арасында бізде 13 адам карантинге жатқызылды.  Олардың төртеуі ауруханада, тоғызы үйде карантинінде, - деді ол.
 
Атап айтқанда, "ҚазМұнайГаздың" үш қызметкері Ақтау қаласында, төртеуі Оралда, екеуі Нұр-Сұлтанда, тағы екеуі Атырауда екен. Одан бөлек, Румынияда мемлекетінде де екі қызметкері карантинге алынған.

Қазіргі уақытта бізде бір де бір қызметкерден коронавирус тіркелген жоқ, - деді Сақтағанов.
 
Оның айтуынша, кеңсе қызметкерлерінің жартысы жұмыс кестесін сақтау кезінде қашықтықтан жұмыс режиміне өткен (9.00-ден 18.30-ға дейін).

Сонымен қатар, Сақтағанов "ҚазМұнайГаз" басшылығы кеңседе жұмыс істеп жатқанын айтты.

Айта кетейік, қазір еліміз бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам анықталды. Алматы қаласында – 4 науқас, Нұр-Сұлтан қаласында – 1 адам тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 15 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 17 адам, жалпы 32 науқас тіркелді.
Өзгелердің жаңалығы