Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес АҚ басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев Facebook-тегі парақшасында өтініш қабылдау мерзімі 1 қарашаға дейін жалғасатынын жазды.
"Құрметті достар! Өздеріңіз білесіздер, елімізде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы жүзеге асқан "Қазақстанның 100 жаңа есімі" ұлттық жобасының үшінші кезеңі басталды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен өтініш қабылдау белсенді түрде жүргізілуде. "Бюро 100" жобасының ынталы тобы әр аймақтың ерекше тұлғаларын іздейді. Биыл біз жаңа есімдерді 39 жасқа толмаған қазақстандықтар ішінен анықтаймыз. Әрбір үміткердің еңбек жолы ерекше. Өз еңбегі және дарынымен биік жетістікке жеткендер аз емес. Сондай-ақ, олардың қатарында ондаған өмірді ажалдан алып қалған нағыз батырлар да бар. Жастығына қарамастан жеткен жетістіктері мен жеңістері көп. Біздің мақсатымыз неғұрлым көп есімдерді таныту. Осыған байланысты біз өтініш қабылдау уақытын 1 қарашаға дейін созу жөнінде шешім қабылдадық. Жобаға қатысу үшін 100janaesim.ruh.kz сайтындағы арнайы өтінішті толтыру керек. Өзіңнің сәтті жолың туралы бүкіл елге айтып бер!", - деп жазды Кемелбек Ойшыбаев.