Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық таеквондошылар Фуджайрадағы (БАӘ) рейтингтік "Fujairah Open G2" халықаралық турнирінде 5 медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic kz.
Аталған жарыста 54 келіге дейінгі салмақта Елжан Елшібай қарсылас шақ келтірмей, үздік атанды. Қазыбек Бақтиярұлы (63 кг) мен Айтолқын Орынбасар (73 кг) күміс медальмен көзге түссе, Алмат Қожахмет (68 кг) пен Амина Нұрғазықызы (62 кг) қос қоланы қоржынға салды.