Қазақстанда сатылған әрбір екінші көлік елімізде құрастырылған

16 Қаңтар 2019, 12:44
22907
Бөлісу:
 Қазақстанда сатылған әрбір екінші көлік елімізде құрастырылған

Астана, baq.kz тілшісі. Қазақстанда сатылған әрбір екінші көлік елімізде құрастырылған. Бұл туралы Қазақстанның автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Макашева мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2018 жыл қауымдастық үшін сәтті болған. Еліміздің аумағында 2017 жылы 49 мыңға жуық автомобильді сатылса, өткен жылы 60 мыңнан астам көлік сатылыпты. 2018 жылдың қорытындысы бойынша нарықтағы өсім 17%-ті құраған, әрі үздік бестіктің қатарына Lada, Toyota, Hyundai, Кіа, GAZ  көліктері кірген.

«Өткен жылы үздіктердің қатарынан Toyota көрінсе, Hyundai маркасы жақсы өсім көрсетті. Сатылған әрбір екінші көлік елімізде құрастырылды. Жалпы еліміздегі автопаркте 4,2 млн бірлік техника бар. Оған жеңіл, ауыр автокөліктер мен арнайы техника кіреді. Сатылған үздік бестіктің төрттігіне Қазақстанда құрастырылған көліктер кіріп отыр. Бұл жетістік», - деді Анар Макашева.

Қазақстанның автобизнес қауымдастығының мәліметіне сәйкес, Қазақстанда жасалған автокөліктерге сұраныс 17%-тен (2015 жыл) 49%-ке (2018 жыл) өсіпті. 

Дәурен ЕРБОЛАТ

Өзгелердің жаңалығы