"Қазақмыс" бас директорына кабинетінде шабуыл жасалды

21 Қаңтар 2020, 23:49
3749
Бөлісу:
"Қазақмыс" бас директорына кабинетінде шабуыл жасалды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС кен-байыту кешенінің бас директоры Амангелді Минигулов Жезқазғанда пышақ жарақатын алды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінен хабарлады.

Шабуылды "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС "Кәсіпқорған" кәсіподақ төрағасы Т.А.Тәжбенов жасаған. Олардың арасында жанжал болған екен. Сосын ол Минигуловтың арқасына пышақ жарақатын салған. Оқиға 21 қаңтарда сағат 18.20-да болған. "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС маманы С.А.Тембаев та зардап шеккен, ол қақтығыстың алдын алуға тырысқан. Оның кеуде тұсы пышақтан жарақаттанған.
Куәгерлердің айтуынша, Т.А.Тәжбенов өз кеудесіне пышақ ұрып, оқиға орнында қаза тапқан. А.М.Минигулов пен С.А.Тембаев ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша тергеу жүріп жатыр, - делінген хабарламада.
 
Айта кетейік, желіде оқиға орнынан видео пайда болды.


Жедел жәрдем бригадасы кәсіпорыннан пышақ жарақатымен екі адамды ауруханаға жеткізді. Олардың біреуіне операция жасалды. Екіншісіне көмек көрсетілді. Екеуі де "Қазақмыс" компаниясының медициналық орталығында, - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.





Өзгелердің жаңалығы