Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Футзалдан Алматының «Қайрат» командасының қатарына екі ойыншы қосылды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Оның біреуі – осыған дейін «Ақтөбе» командасында ойнаған Альберт Ақбалықов. Ол «Ақтөбе» командасымен Қазақстан кубогында жеңіске жеткен. Сондай-ақ ел біріншілігінің күміс жүлдегері атанған. Одан бөлек, ұлттық құрамаға шақырылып жүр. Былтыр Еуропа чемпионатында өнер көрсетті. Өткен маусымда ішкі чемпионатта 19 матчта 9 гол соққан.
Екіншісі, Нұрсұлтан Пиялы. Ол еліміздеі жас талантты ойыншылардың бірі. Нұрсұлтан Қазақстан чемпионатында көзге түсіп үлгерді. Былтыр «Жетісу» сапында 24 матчта 11 гол соққан. Талдықорған командасымен чемпионаттың қола жүлдегер атанды.