Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында қайғылы оқиға орын алды. Туысқандарымен демалысқа шыққан жас жігіт арнайы жабдықталмаған жерге шомылып, суға батып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.
4 маусым сағат 18:44-те Жылыой ауданында Құлсары қаласынан 10 шақырым жерде, Жем өзенінде Атырау облысы ТЖД “Жедел-құтқару жасағы” күштерімен 1990 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді. 19:55-те суға кеткен адамның денесі ТЖД қызметкерлерінің күшімен шығарылды.Іздестіру жұмыстарына төрт қызметкер мен екі бірлік техника жұмылдырылды. Атырау облысы ТЖД ескертеді: арнайы жабдықталмаған жерлерде суға түспеңіз, су беті көптеген қауіптерді жасырады, - дейді құтқару қызметі.