"Қарапайым заттар экономикасын" дамытуға 600 млрд теңге бөлінген

22 Мамыр 2019, 12:42
2085
Бөлісу:
"Қарапайым заттар экономикасын" дамытуға 600 млрд теңге бөлінген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша қолжетімді несие беруді шешу үшін 600 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов айтты. 

«Елбасының тапсырмасы бойынша 2019 жылдан бастап «қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша қолжетімді несие беруді шешу үшін 600 млрд теңге бөлінетін болады. Экономикалық қызметтің 65 түрі бойынша 365 тауарлық позиция белгіленгенді. Бұл несиелер «Бизнестің жол картасы - 2020» арқылы субсидияланады. Жыл басынан бері 4 айдың ішінде банктер 14,9 млрд теңгенің 28 өтінімін қабылдады», - деді Ермек Алпысов.

Ол сонымен қатар, «БЖК-2020» бойынша қаржыландыруды ұлғайту ұсынылып отырғанын да атап өтті. 

«Қазіргі кезде 139,2 млрд теңгенің 104 жобасы екінші деңгейлі банктердің қарауында жатыр. Ал 613,4 млрд теңгенің 729 жобасының құжаттарды дайындаудамыз. «Даму» қоры 8 млрд теңгенің 24 жобасын субсиядиялауды мақұлдады. Одан бөлек, «қарапайым заттар экономикасы» бойынша бизнесті қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру үшін айналым қаражатын несиелеу үлесін ұлғайту шаралары қабылданды. «Қарапайым заттар экономикасын» «БЖК-2020» арқылы кепілдендіру құралы енгізілді. «БЖК-2020» бойынша қаржыландыруды ұлғайту жағы ұсынылды», - дейді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы