"Қара майор" телеарналардан көрсетіледі

6 Ақпан 2020, 22:28
2117
Бөлісу:
"Қара майор" телеарналардан көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аңызға айналған "Қара майор" туралы "Қазақфильм" түсірген деректі фильмді республикалық телеарналардан көрсетеді.

2020 жылдың 12 ақпанында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Жизнь специального назначения" деректі фильмінің телевизиялық премьерасы өтеді. Картинаның режиссерлері және сценарий авторлары – Әсет Ерназаров пен Ғазиз Насыров.

Деректі фильмде 2019 жылы 12 ақпанда өмірден озған, аты аңызға айналған "Қара майор" - Ауған соғысының ардагері, 177-ші жеке арнайы жасақтардың командирі, полковник Борис Керімбаевтың тағдыры баяндалады.

Тарихта маңызды рөл атқарған оқиғалар мен адамдар әрқашан үлкен қызығушылық тудырады. Аңызға айналған "Қара майор" - полковник Борис Керімбаев - есімі мәңгі сақталатын батыр. Мен үшін батырмен жеке танысу және режиссер Егор Михалков-Кончаловскийдің "Возвращение в "А" фильмінде Борис Төкенұлының рөлін ойнау үлкен мәртебе болды, - деді Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов.

Еске салайық, «Жизнь специального назначения» деректі фильмінің премьералары былтыр көктемде Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтті. Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері және кино түсірілім тобы қатысты.

Біздің сарбаздарымыз үшін 9 жыл, 1 ай және 19 күн бойы жалғасқан бұл соғыста әрқайссының жеке күресі, өз ерлігі мен жолдастары болды. Бұл соғыс әр жауынгер мен офицердің есінде. Фильмде КСРО Қарулы Күштері Бас штабының ТЖБ арнайы күштерінің құрылуы және 177-ші арнайы күштер отрядының қолбасшысы Борис Төкенұлы Керімбаевтың тағдыры баяндалады, - деді фильмнің режиссері Әсет Ерназаров.

Өзгелердің жаңалығы