Қарағандылық пән мұғалімдері тіл мектебінде білім алуда

12 Маусым 2019, 12:50
1976
Бөлісу:
 Қарағандылық пән мұғалімдері тіл мектебінде білім алуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында English Summer School for Teachers жазғы тілдік мектебі ашылды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Облыс қалалары мен ауылдарынан келген 60 физика, химия, биология және информатика мұғалімдері партаға отырды. Олар үшін ағылшын тілі курстарын педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырды.

Тіл мектебіне қабылдау өткен жазда болды. Былтырғы жылы тыңдаушылар бағдарламадан өтіп, ал осы жылы оқуды жалғастырды. Сабақты НЗМ мұғалімдері, ағылшын тіліндегі пән мұғалімдері, сондай-ақ Interpress тіл орталығының оқытушылары жүргізеді.

Курс 5 күнге созылады. Бұл жерде мектеп мұғалімдері ағылшын тілін меңгеруін жетілдіре алады. Сонымен қатар бейіндік пәнінде ағылшын тілінде қалай сабақ беруге болатыны туралы әдістемелік көмек алады. Курс соңында әркім өз сабағын ұсынады. Жазғы мектептің барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.

Өзгелердің жаңалығы