Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды

10 Маусым 2019, 16:30
1711
Бөлісу:
Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері Ақмола облысы мен Көкшетау қаласында дауылды ескерту жариялады.

"11 маусымда Ақмола облысының кей жерінде найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді", - делінген хабарламада.

 Көкшетау қаласы күндіз 11 маусымда найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95 %.

 

 

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы