Алимент төлемеген 16 әкенің автокөлігі тәркіленді

23 Желтоқсан 2019, 14:34
4302
Бөлісу:
 Алимент төлемеген 16 әкенің автокөлігі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісу ауданының прокуратурасы жол полициясы қызметкерлерімен және Алматы қаласының жеке сот орындаушыларымен бірлесіп "Алиментті төле" және "Борышкер" акциясын өткізуде, деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы.   

Акция борышкерлердің автокөліктерін анықтау арқылы алимент бойынша берешекті азайтуға бағытталған. Іс-тәжірибе көрсеткендей, автокөліктерді алғаннан кейін борышкерлер бар қарызды бірден төлейді, - делінген ақпаратта.
Акция барысында борышкерлердің 16 автокөлігі ұсталып, 2 млн теңгеден астам қарыз төленді, оның ішінде осы жылдың 14 қарашасында рейдті жүргізу барысында алимент төлеушілер 1 млн теңгеге жуық ақша төлеген.

Сонымен қатар алдын алу шаралары қолданылмайтын төлемеушілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осы жылдың қараша айында алимент төлемегені үшін сот үкімімен азамат Б. ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.






Өзгелердің жаңалығы