Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала өзендерінде шомылуға тыйым салынғанын еске салды.
ТЖД қызметкерлерінің мәлімдеуінше, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 364-бабына сәйкес тыйым салынған орындарда шомылу, ондағы суды ішу және тұрмыстық қажеттік үшін алуға, малды суаруға, қайықпен және басқа да жүзу құралымен серуендеуге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Алматы арқылы ағатын өзендерде (мысалы, Есентай, Кіші және Үлкен Алматы) шомылу және қайықпен жүзуге тыйым салынған, себебі олар қауіпті деп саналады. Осыған байланысты Алматы қалалық ТЖД қала тұрғындарын су қоймаларында қауіпсіздік ережесін бұзбауға шақырады, - деді ТЖД таратқан ақпаратта.