Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы ҚР білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты "Абайдың рухани-адамгершілік мұрасы білім алушыларға патриоттық және азаматтық тәрбие берудің негізі ретінде" тақырыбында онлайн режимде республикалық семинар-кеңес өткізді.
Іс-шара мақсаты - Абай Құнанбайұлы мұрасы тақырыбында білім алушылардың рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие берудің заманауи басымдықтарын талқылау.
Онлайн семинар-кеңеске мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, жалпы білім беретін мектептердің басшылары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және Қазақстан республикасы білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты.
Іс-шара барысында Абай Құнанбаевтың мәдени мұрасының жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі ықпалы, заманауи ұлттық сананы қалыптастырудағы патриоттық тәрбиенің рөлі, білім алушыларды рухани-адамгершілік дамыту мен тәрбиелеудің әдістемесі және практикасы, "Мәңгілік ел", "Рухани жанғыру", "Ұлы даланың жеті қыры" идеяларын жүзеге асыру мәнмәтінінде педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту тақырыптары талқыланады, - делінген таратылған ақпаратта.
Семинар-кеңесті ұйымдастыру түрі қатысушыларға онлайн режимінде Абай Құнанбаевтың рухани-адамгершілік мұрасының жаңа аспектілерімен танысуға, Абай Құнанбаев мұрасы контекстінде білім алушыларды патриоттық және азаматтық тәрбиелеудің практикалық тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік берді.
Республикалық онлайн семинар-кеңес қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды, мақалалардың электронды жинағын басып шығару жоспарланды.