Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР БҒМ "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директорының бұрынғы орынбасары сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрын ҚР БҒМ "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директорының бұрынғы орынбасары Д.С. Жақсыбековке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргіздіаймақтарда аталған ЖШС-нің ҰБТ өткізу кезінде қызмет көрсету бойынша мүддесін қорғағаны үшін, Жақсыбеков "ProBusineSS.kz" ЖШС директоры С.А. Панкеевтен құны 8,8 млн теңге болатын Toyota camry маркалы автокөлігін пара ретінде алды деп күдіктенген.
9 желтоқсанда Нұрсұлтан қаласының Байқоңыр аудандық №2 сотының үкімімен Жақсыбеков пара алды деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген хабарламада.
Аталған адам мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды